Кәсіподақтар федерациясында төрағасы Бақытжан Әбдірайымның басшылығымен Бас кеңестің отырысы өтті. Отырыс жұмысында Кәсіподақтар федерациясының, салалық және аумақтық кәсіподақ ұйымдарының басшылары сайлау қорытындыларын талқылады және алдағы кезеңге арналған кәсіподақ қызметінің негізгі басымдықтарын белгіледі.
ҚРҚФ Бас кеңесінің мүшелері әлеуметтік әділеттілікті нығайту, еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды жақсарту, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, қызметкерлердің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға жұмыс берушілердің қызығушылығын арттыру, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту, қызметкерлердің еңбекті қорғауға кеңінен қатысуын қамтамасыз ету және барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда қоғамдық бақылау институтын дамыту жөніндегі бастамаларды іске асыруды жалғастыруға ниет білдірді.
Белгіленген бағыттар жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жұмыс орындарын ашу, лайықты еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Мемлекет басшысының ұлықтау рәсімі барысында айтқан әділ әлеуметтік саясатты жүргізу бөлігіндегі бастамаларымен үндес.