Ағымдағы жылғы 23 қаңтар күні ҚР Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Атқару комитетінің отырысы өтті.
Отырыс барысында еліміздегі еңбек саласының әл-ақуалы қаралды, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудағы өзекті мәселелер талқыланып, кәсіподақтар қызметінің басым бағыттары анықталды.
Кәсіптік одақтар федерациясының басты міндеттері ішінде еңбеккерлердің құқығын қорғау, әлеуметтік әділдік қағидасын насихаттау, әлеуметтік әріптестікті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсарту және кәсіподақтарды нығайту бар.
Осы көрсетілген басымдықтардың барлығы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2020 жылға арналған негізгі іс-шараларының кешенді Жоспарында көрініс тапты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ақпараттық саясат Концепциясы қаралды. Концепцияда ҚРКФ ақпараттық жұмысын өзектендіру, кәсіподақтардың имиджін нығайту және халықты кәсіподақтар қызметі туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру қарастырылған.
Презентация соңында Атқару комитетінің мүшелері құжатты 2020 жылғы 24 қаңтарда ҚР Кәсіптік одақтар федерациясының Бас кеңесінің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.