Құрметті бауырлар, апа-сіңлілер!
Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Сіздердің еліңізде ауыр жер сілкінісі салдарынан көп адам қаза болғанын, ауыр материалдық шығын орын алғанын естіп, қынжылып, есеңгіреп қалдық.
Осы қиын сәтте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан және жеке өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына, сондай-ақ, барша бауырлас түрік халқына көңіл айтамын.
Көптеген елдердің қолдауымен Түркия халқы қазіргі қиындықтар мен табиғи апатты еңсеріп, жер сілкінісінен болған қирауды қалпына келтіреді деп сенеміз.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз.
Біз – біргеміз.
Сатыбалды Дәулеталин,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы