Шымкент қаласында республикалық «Парыз» конкурсы комиссиясының отырысы өтті. Комиссия мүшесі ретінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек сараптамалық жұмысшы топтың құрамында болды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру және осы салада бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату мақсатында өткізілді.
Комиссияда 2023 жылға жалпы Шымкент қаласы бойынша «Парыз» конкурсына қатысуға 19 ірі, орта, кіші кәсіпорындар ниет білдіріп, 5 номинация бойынша 30 өтінім жинақталған.
Атап айтқанда, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясына – Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық- экономикалық колледжі ЖШС, «Ancon» ЖШС, ЖК «Байтемирова Р.С» бренд «NavruzPlastic», «AirGaz» ЖШС, «Dala-Construction.kz» ЖШС, «Alliance» ЖШС, «Company Baqsultan» ЖШС, «Agatai Group» ЖШС, «Бірлестік» ЖШС, «Азимед көпсалалы колледжі» жеке мекемесі өтінім берген. Ал «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша ЖК «Байтемирова Р.С» бренд «NavruzPlastic», «Unit-CO.KZ» ЖШС, «Balans Outsourcing KZ» ЖШС, «Big Brother Business» ЖШС қатысса, «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Asia Trafo» ЖШС, ЖК «Байтемирова Р.С» бренд «NavruzPlastic», «Казюгпром» ЖШС , ЖШС «NEFIS Group», “Balans Outsourcing KZ” ЖШС, «Agatai Group» ЖШС қатысты. Одан өзге «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясына «Big Brother Business» ЖШС, ЖК «Байтемирова Р.С» бренд «NavruzPlastic», «Vibe Records» ЖШС, «Balans Outsourcing KZ» ЖШС, «Азимед көпсалалы колледжі» жеке мекемесі, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясына «Ancon» ЖШС, «Электрозавод сервис» ЖШС, ЖК «Байтемирова Р.С» бренд «NavruzPlastic», «Company Baqsultan» ЖШС, «Kazplast» ЖШС өтінім берген. Конкурс лауреаты атағына үміткерлердің тізімі алдағы уақытта белгілі болады.