САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ТЫҢ ЖОБАЛАРЫ МЕН ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЙЛЫ БАЯНДАДЫ

Кездесуде «YNTYMAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Төлеген Шайымов ҚР Кәсіподақтар Федерациясының жүргізіп жатқан жұмысы мен тың жобалары туралы, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты реттеп отырған әлеуметтік әріптестік аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Сондай-ақ, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері аясында қазіргі таңда кәсіподақ тарапынан үнемі жүргізіліп отыратын іс-шараларға кеңінен тоқталды.

№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлсара Бисалиева бастауыш ұйымда атқарылған оң бастамалар туралы кеңінен баяндап, кәсіподақ тарапынан біраз игілікті шаралар атқарылғанын ,алда «Қарттар үйінің» құрылғанына 50 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындық барысымен таныстырды.
«Біздің ұжым үнемі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрады. Жуырда білім күні қарсаңында бастауыш ұйым мүшелерінің 30 баласына оқуға қажетті заттармен қамтамасыз еттік. Түрлі байқаулар ,мәдени шаралар жиі ұйымдастырып тұрамыз», – деп атап өтті кәсіподақ төрайымы.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын қойып,нақты жауап ала алды.