2023 жылғы 15 қыркүйекте Екібастұз қаласында «Павлодар облысының қалаларында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы» тақырыбында диалог алаңы өтті.
Диалог алаңына мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Спикерлер ретінде «Екібастұз қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өкілдері, сертификатталған жобалық менеджер, жаттықтырушы-консультант Г. К. Исенова, «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының басшысы М. А. Иванова сөз сөйледі.
Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д. Н. Айтжанова азаматтық қоғам институттарының дамуы мен өзара іс-қимылы, кәсіподақтардың ең ірі қоғамдық бірлестік ретіндегі қызметі, әлеуметтік әріптестік деңгейінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы айтып берді.
Диалог алаңының қорытындысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.