Кәсіподақ болашағы жайындағы кездесу

Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Өтешев Нұрлан Сүлейменұлы Павлодар кәсіподақтар үйінде облыстың кәсіподақ активімен кездесті.


Н. С. Өтешев кездесуге қатысушыларды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің стратегиясын орындау жөніндегі қызметі туралы, халықаралық деңгейдегі және жұмыс комиссиялары құрамындағы қызметі туралы, қазіргі кезеңдегі қоғамдық кәсіподақ қозғалысының өзекті бағыттары туралы хабардар етті.


Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д. Н. Айтжанова кездесуде аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің әлеуметтік әріптестікті дамыту, келісім комиссияларының мүшелерін оқыту, «Татуласу орталығының»  жұмысы, Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырыстарын өткізу, әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын дамыту жөніндегі үшжақты комиссияның құрамындағы жұмыс, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөніндегі жаңа кәсіподақ жобалары талқыланды.
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің мүшелері «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Г.А. Науразбаева, «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалы             С. Г. Осман кәсіподақ қозғалысының міндеттерін орындау бойынша салалық кәсіподақтардың ағымдағы жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті.


«Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ шақыруы бойынша Н. С. Өтешев Павлодар қаласындағы «Qasipodaq uiy» ғимаратындағы «Кәсіподақ алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысымен танысты, онда Г. А. Науразбаева Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында міндеттерді іске асыру перспективалары туралы айтып берді.