Ағымдағы жылдың 13 қазан күні «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК-ның Созақ аудандық филиалында кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сөз алған аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев қатысушыларға кездесудің бастауыш кәсіподақ ұйымдарын қолдау және еңбек ұжымдарымен тікелей кері байланыс орнату мақсатында өткізіліп отырғанын жеткізіп, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктері туралы айтып өтті.
Сондай-ақ кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету мақсатында Кәсіподақтар орталығында «Заң клиникасы» мен «Татуласу орталығы» құрылып, онда кәсіподақ мүшелеріне тегін қызмет көрсетіліп жатқандығын жеткізді.
Жиын соңында қатысушыларды келе жатқан ұлтымыздың ұлық мерекесі 25-қазан Республика күнімен құттықтап, қатысушыларға өз алғысын білдірді.