Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қызылорда облыстық кәсіподақтар алаңында, ҚР Парламент Мәжілісіндегі депутаты Мұрат Әбенов «Қызылорда облысының кәдіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде болып облыстық кәсіподақтар активімен, белсенді мүшелермен кездесті.


Басқосуда кәсіподақтардың атқаратын рөлінің маңыздылығы талқыланды.
Түрлі саладағы кәсіподақ бірлестігінің өкілдері мәжілісменге өзекті сауалдарын жеткізді. Мәселен, медицина, кейбір азаматтық қызметкерлерінің жалақы мөлшерінің төмендігі, өндірістегі кей жұмыс берушілердің заң талаптарын сақтамайтындарға қатаң жауапкершілікке тарту ж.т.б. мәселелер қозғалды.
Пікірлесу алаңында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, еңбек адамының құқығының сақталуы, әлеуметтік қолдау жасалуының кепілі ол кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасында әлеуметтік ынтымақтастығын орнату, ұйымдарда еңбек заңнамасы сақталуы. Оған кәсіподақтар белсенділік танытып, бақылауы, ақпараттандыруды күшейту туралы ұсыныс пікірлерін білдірді.


Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелері кәсіппен айналысатын, қол астында қызметкерлері бар азаматтар арасында қарапайым жұмысшының құқығын қорғайтын бір ден бір қоғамдық ұйым болып табылатындығынан кәсіподақ жұмысын насихаттап, оның аясын заң жүзінде кеңейту турасында да ұсыныстар айтылды.


Мәжіліс депутаты өз кезегінде: көтерілген мәселелер бойынша өз тарапынан осы мәселелерді талдап, тиісті министрліктердің алдында көтеретіндігін сендірді.Пікір алмасудан кейін, мәжіліс депутаты, бүгін Қызылорда облысының қарқынды дамуына, оның басында жүрген жұмысшы адамының құқығының, әлеуметтік және қауіпсіздігінің сақталуына кәсіподақтардың да рөлі ерекше екендігі аталып өтті. Сонымен қатар, кәсіподақтарының белсенділігі мен көтерілген мәселелердің өзектілігіне өз ойын білдіріп, алдағы уақытта талдау жасап өз ықпалын тигізетіндігін жеткізді.