Биылғы қаңтардың суық және аязды күндерінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымның бастауымен коммуналдық қызметкерлерге қолдау акциясын ұйымдастырылды.
“Глобал кофе” компаниясының және аудан кәсіпкерлерінің белсенді қатысуымен коммуналдық қызметкерлерге, жұмысшыларға ыстық кофе және палау тегін таратылды.
Таңғы төрттен бастап кеш қарайғанша осындай суықта қаламыздың көшелерінің тазалығын қамтамасыз ететін жандар үшін бұл өте маңызды іс-шара болды.Әкімдік өкілдерінің айтуынша, егер әрбір кәсіпкер коммуналдық қызмет жұмысшыларын кем дегенде ыстық шай және бауырсақпен қамтамассыз етсе, бұл жақсы бастама болар еді. Ал осындай көңіл мен қамқорлық қарапайым жұмысшылардың жақсы жұмыс істуіне кепілдік болары сөзсіз. Қаланы қар мен қоқыстан тазартатын коммуналдық қызметкерлерге мұндай қолдау көрсету жақсы дәстүрге айналды. Мұндай іс-шаралар болашақта да өз жалғасын табады деп сенеміз.