«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының «Мерейлі сәт» жобасы аясында Темір аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еділ Сатаев мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдан бері абыройлы қызмет етіп, зейнет демалысына шыққан кәсіподақ мүшесі Темір аудандық жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы Гүлсім Иманбаеваны мерейлі мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.
«Жақсының жақсылығын айт» деп бекер айтылмаса керек, ел игілігі үшін Гүлсім Иманбаева өмірінің бірталай жылын кәсібіне арнап, өзінің еңбекқорлығымен, кәсібилігімен ұжымының беделіне ие болды.Адал еңбегі еленіп, бүгінде ерекше құрметке иеленіп отыр.
Құттықтау шарасына Темір ауданы әкімінің орынбасары Жандаурен Қойшыбаев та қатысып, аудан басшылығы атынан сый-сияпат табыстады.
«Қызмет» салалық кәсіподағы мемлекеттік қызметтен абыроймен құрмет демалысына шығу үлкен мәртебе екендігін назарға ала отырып, Гүлсім Жолдығарақызын зейнет демалысына шығуымен шын жүректен құттықтайды.