М. Өтемісов атындағы БҚУ-нің конференция залында “Қазақстандық оқу- ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы” ҚБ ұйымдастыруымен Кеңес әскерерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай білім саласында қызмет жасайтын Ауған соғысының ардагерлерімен жүздесу шарасы жоғары деңгейде өтті.
Кездесу ҚР әнұраны орындалып, аталмыш ұйымның төрағасы Марат Оразалыұлына сөз берілді.
“Ауған соғысы 1979 жылдың 25 желтоқсанында басталып, 1989 жылдың 15 ақпанында аяқталды. 9 жыл 10 айға созылған бұл соғыс мыңдаған адамның өмірін өзгертіп, қаншама қайғы қасірет әкелгені баршаға аян. Сіздердің ерліктеріңізге бас иіп, азаматтық борыштарыңызды адал атқарып, қажырлы күш-қайраттарыңызды және білім саласындағы еңбектеріңізге арнауыңызға ілтипат білдіре отырып, еңбектеріңіздің береке мен табысқа толып, дендеріңіз сау болуын тілейміз” – , деп ақтілегін білдірді Марат Даупаев.
Кездесуде Айгүл Есекенова, Ақжарқын Темірханова, ардагер ұстаз Дәулетжан Абдрахманұлына сөз тізгіні беріліп, ерлік пен батылдық турасында кеңінен айтып, өскелең ұрпаққа насихат беруге шақырса, облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамының құрметті төрағасы, Ауған соғысының ардагері Олег Пимонов пен Оқу-өндіріс комбинатының директоры , Ауған соғысының ардагері, “Қызыл Жұлдыз” орденінің иегері Мұхтар Жоламанов майдандас достарын еске алып, ерліктерін жиналғандарға паш етіп, достарымен кездестірген, шараны өткізуге атсалысқан Марат Оразаұлы мен ұжымына шексіз рахмет алғыстарын жеткізді.
Кездесуде әсем әндер айтып, ардагерлерге ақшалай және бағалы сыйлықтар беріліп, естелік суретке түсіп, жақсы көңіл-күймен тарасты.