Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болды. Соның бірі- әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы. Екінші жаһан соғысына пара-пар зардабы мен залалын шашқан Ауған соғысының тарих қоржынының бір басында жатқанына да 35 жыл толып отыр. Жылма – жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз.
Сайрам ауданы “Шапағат – педагог” білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Гүльнара Тлеубердиева кәсіподаққа мүше, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесіп, жалындағын жастық шағында ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткені үшін №31 Бәйдібек атындағы ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Ахалов Талғат Дарибекович, №20 С.Сейфуллин атындағы МГ дене шынықтыру пәні мұғалімі Мирзалиев Нұрахмед Маликович, №96 ЖББМ техникалық қызметкері Юлдашниязов Мадикарим Абдумавлановичке “Шапағат-Педагог” кәсіподағы атынан АЛҒЫС ХАТ табыстап, қаржылай сыйлықтар тарту етті.
Кездесу барысында Ардагерлеріміз ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін білдірді.