«Қызмет» салалық кәсіподағы Өзбекстан кәсіподақтарымен байланыс орнатуда

Қазақстан Республикасы тарапынан «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Жақыповтың және Өзбекстан Республикасы тарапынан «Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анваржон Абдумухторовтың арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойды.
Тараптар еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіподақ ұйымдары арасында байланыстар орнатуға және ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу, еңбекшілердің ажырамас құқықтары үшін күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша кәсіподақ ұйымдарының жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат алмасу бөлігіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады.

Сондай-ақ, тараптар өзекті кәсіподақ мәселелерін шешу бойынша бірлескен конференциялар, семинарлар, іс-шаралар мен акциялар өткізу туралы келісті.
Сонымен бірге, Өзбекстанның барлық аймақтарынан келген кәсіподақ төрағаларымен кездесу аясында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен одан әрі даму мәселелерінің кең ауқымын талқылап, пікірлер алмасты.


Кездесуге қатысушылар Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарының терең тарихи тамыры бар екенін ерекше атап өтті.
“Егер біз күш-жігерімізді біріктіре алатын болсақ, біздің еңбегіміз бен ұмтылысымыз тиімді болады. Мен осы Меморандумға қол қою және оны кейіннен іске асыру кәсіподақтар қарым-қатынастарын дамытудың, еңбекшілердің құқықтарын қорғаудың, екі елдің кәсіподақтар ұйымдарының өзара іс-қимылының жаңа кезеңіне алып келетініне сенімдімін” – деп, атап өтті Мирболат Жақыпов.

Делегацияны қарсы алу және қонақжай шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жұмыс сапарының соңында тараптар өзара тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті, өзбек әріптестеріміз Қазақстанға келуге және қазақстандық кәсіподақ қоғамдастығының қызметімен егжей-тегжейлі танысуға шақырылды