2018 жылғы 6 тамызда Астана қаласының кәсіподақ орталығының төрағасы Тастанбек Есентаев Маңғыстау облысының АКБ төрағасы Қайрақбай Жаңабековпен бірге елорданың медициналық ұйымдарының қызметкерлерімен бірқатар кездесу өткізді.
Кәсіподақ көшбасшылары Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына, Республикалық санитарлық авиация орталығына, сондай-ақ травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына барды.
Кездесулер барысында «SENIM» кәсіподағының қызметі түсіндірілді. Түсіндіру жұмыстарын өткізу үшін орталық қызметкерлерімен кездесу туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, кездесуде денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлердің мәселелері және оларды шешудегі кәсіподақтардың рөлі талқыланды.