ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын белсенді түрде насихаттайды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен кәсіподақтар өкілдері еңбек ұжымдарында, оқу орындарында кездесулер өткізіп, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылауда.
ҚРКФ Төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров осы мәселе бойынша Жамбыл облысына арнайы іс-сапармен барып, Тараз инновациялық-гуманитарлық университет студенттерімен кездесті. Осы кездесуде аталмыш жобаға жастарды таңдау және қатыстыру мәселелері сөз етілді.
Ерлан Сайыров атап өткендей: «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы қоғамның әлеуметтік көңіл-күйін арттыруға жәрдемдеседі. Қоғамның зияткерлік дамуына қатысты заманауи трендтерге сай келеді».
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының негізгі мақсаты Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихы арқылы еңбексүйгіштік идеясын ең басты фактор ретінде насихаттау болып табылады.
ҚРКФ «Қазақстанның 100 жаңа есімі» аясында «Еңбек адамы: Қазақстанның жаңа келбеті» жобасын насихаттауда.