Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы өз әріптестері Баймұқанов Істұрған Ұзақбайұлы, Айтжанова Динара Нұржанқызы – Атырау және Павлодар облыстарының кәсіподақтарының аумақтық бірлестіктерінің төрағаларын, Атырау және Павлодар облыстары мәслихаттарының депутаттары болып сайлануымен құттықтайды!
Ендігі жерде біз кәсіподақтардың дауысы Еңбек адамының игілігі үшін заң шығарушы органдардың жоғары мінберлерінен сенімді шығатынына кәміл сенеміз.
Сіздермен бірлесе атқарған жемісті жұмыстар нәтижелеріне сай, біз осындай маңызды лауазымға сайлануларыңыз сіздердің кәсібилігіңізді лайықты мойындау екендігін нық сеніммен айта аламыз!
Құрметпен, ҚР кәсіподақтар федерациясы