Бейресми тілдесім – кез-келген халықаралық форумдардың маңызды құрамбас бөлігі, соның бірі Копенгагендағы ХКК алаңы болды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы мен қазақстандық делегация өкілдері дүниежүзілік кәсіподақтар қозғалысының стейкхолдерлерімен келіссөздер және кеңестер өткізді. Осылайша Халықаралық Еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директоры Гай Райдермен келіссөз барысында ҚРКФ Төрағасы Б.Әбдірайым еңбек саласындағы әлеуметтік әділдік қағидасын алға бастыру, әлеуметтік серіктестікті нығайту және алдағы 2019 жылы ХЕҰ 100-жылдығын атап өту тұжырымдамасы мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, ҚРКФ Төрағасы Б.Әбдірайым Г.Райдерді Халықаралық Еңбек ұйымының мерейтойын атап өтуге және қатысуға Қазақстанға шақырды.
ХКК Бас хатшысы Шаррон Барроумен кездесу барысында ҚРКФ Төрағасы Б.Әбдірайым Халықаралық Кәсіподақтар конфедерациясына мүше ұйымдардың бірінің басшысы ретінде халықаралық кәсіподақ қозғалысының демократиялық қағидаларын ұстанатынын жеткізді.
Сондай-ақ, қазақстандық делегация өкілдері ХКК Бас хатшысы лауазымына үміткер ретінде ұсынылған Жалпыға ортақ Итальяндық Еңбек конфедерациясының Бас хатшысы Сузанна Камуссамен бейресми кездесу өткізді. Бас хатшыны сайлау Дүниежүзілік конгрестің төртінші күні, яғни 5 желтоқсанда өтеді.