«Еңбек әйелдері – Қазақстанның басты құндылығы» атты аймақтық еңбекші әйелдер форумы

2019 жылдың 1 наурыз күні сағат 10:00-де Павлодар қаласының Достық үйінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Еңбек әйелдері – Қазақстанның басты құндылығы» атты аймақтық еңбекші әйелдер форумы өтті.

Форум еңбек әйелдерінің елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси өміріндегі рөлін күшейту, әлеуметтік қорғау, Қазақстан Республикасының кәсіподақтарын жаңғыртуға арналған Жол картасын жүзеге асыруға қатысу мәселелеріне арналған.

Форумға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Төрағасының орынбасары М.Б.Тінекеев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы Төрайымының орынбасары Е.И.Тарасенко, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстары мен Астана қаласының салалық және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің мүшелері, әлеуметтік әріптестер, еңбек әйелдері қатысты.

Форумның бірінші бөлігінде шараның бағдарламасы бойынша пленарлық отырыста Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бегентаев М.М., Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Төрағасының орынбасары М.Б.Тінекеев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Тарасенко Е.И., «BigName» коммерциялық директоры, IT және медиа жобалар бойынша кәсіби менеджер А.Т., кадрларды дайындау бойынша №1 жылу электр станциясының инженері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Чигвинцева Т.А., «ҚТЖ-Жүк тасымалдау» АҚ Қарағанды филиалының жүк және багаж қабылдаушысы Иманалиева А.М., «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Әйелдер істері жөніндегі Комиссия төрағасы Даумова Р.Ж. баяндамаларын таныстырды.

Форумның екінші бөлігінде сессиялар өтті:

1. «Кәсіподақ қозғалысындағы көшбасшылық. Әйелдер құқықтарын ұжымдық келісімдер арқылы қолдау»- Наби Гульзи Аскеновна, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, практикалық психолог

2. «Медиация – дауларды шешудің құралы ретінде» – Қайдарова Салтанат Төлеутайқызы, «МИР» өңіраралық медиация орталығының басшысы;

3. «Жаңа сандық әлемдегі әйел» – Азиза Шужеева, «BigName» коммерциялық директоры, IT және медиа жобалар бойынша кәсіби менеджер.

Аймақтық еңбек әйелдері форумының

әлеуметтік әріптестерге

ҮНДЕУІ 

        Павлодар қ.                                                                     2019 жыл 1 наурыз

 

Біз, “Еңбек әйелдері – Қазақстанның басты құндылығы” аймақтық еңбек әйелдері Форумының қатысушылары, Елбасының азаматтардың                   әл-ауқатының өсуін бекітуге, демократиялық құндылықтарын қамтамасыз ету, бейбітшілік және ұлтаралық келісімге бағытталған саясатты қолдайтынымызды хабарлаймыз.

Бүгін Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық жаңғырту және саяси демократияландыру жолында жаңа міндеттер шешіп отыр. Елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына еңбеккер әйел, әйел-ана  баға жетпес үлесін қосуда. Ел халқының көпшілігін және жартысынан көбін еңбекші әйелдер құрайды.

Мемлекет жұмыс істейтін әйелдерді әлеуметтік және экономикалық қорғау, ана мен баланы құқықтық және әлеуметтік қолдау мәселелеріне баса назар аударады. Қазақстан Республикасында отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасы 2030 жылға дейін жүзеге асырылады.

Форум қатысушылары еліміздің экономикалық және әлеуметтік жаңаруының жаңа кезеңінде, барлық қоғам, әрбір қазақстандық отбасының игілігі ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметте және барлық салаларына жұмыс істейтін әйелдердің белсенді қатысуына байланысты екеніне сенімді.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатында әйелдерді жұмыспен қамту және оларға еңбек ақыны төлеу басты назарында болуы тиіс. Жұмыс істейтін әйелдерге, отбасылық міндеттері бар адамдарға әлеуметтік кепілдіктерді күшейту және жұмыс орнындағы әйелдерге қатысты кемсітудің кез келген түрін болдырмау қажет.

Статистикаға сәйкес, жұмыссыз әйелдер саны 5,3% құрайды. Әйелдер арасында 87,6 мың адам санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда жұмыс істеді, оның 21,0% -ы (18,4 мың адам) шаңды және ластаушы ортада қызмет етті.

Тәжірибе корсеткендей, көбінесе жеке кәсіпорындардағы жұмыс берушілер жұмыс істейтін әйелдердің құқықтарын, ана мен баланы қорғаудың мемлекеттік кепілдіктерін, әйелдердің денсаулығын қадағалауын орындамайды.

Форум қатысушылары лайықты еңбек құқықтары мен әйелдерге арналған әлеуметтік кепілдіктер мемлекеттің әл-ауқатының көрсеткіші екеніне сенімді, Осыған байланысты Форум өз Үндеуін жолдайды:

Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

денсаулық сақтау мен балалардың денсаулығын және олардың санаторлық-курорттық қызметтерін мемлекеттік қаржыландыруды арттыру бойынша тиімді шаралар қабылдау;

отбасылық міндеттері бар адамдарға жеңілдікті салық салу мүмкіндігін қарастыру;

әйелдер мен ерлердің теңдестірілген өкілдігіне негізделген кадрлық саясатты қалыптастыру және шешім қабылдау деңгейінде тең мүмкіндіктер жасау;

ана мен баланы қорғау, әйелдердің еңбек жағдайларын жақсарту, көпбалалы отбасыларға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жетім балаларға және қамқорлықсыз қалған балаларға қажетті әлеуметтік жағдай жасау.

Қазақстан Республикасының жұмыс берушілеріне:

әрбір жұмыс орнында еңбек ететін әйелдер мен барлық қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайлары мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбекті қорғауды басқару жүйесінде ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізу;

жұмысшылардың еңбекақысын көтеру мәселесін салалық кәсіподақтармен келіссөздер жүргізу мен ұжымдық келісімдер арқылы шешу, еңбек күрделілігіне, қызметкердің біліктілігіне және еңбек жағдайына байланысты сараланған сыйақы белгілеу мәселесін шешу;

жалақы бойынша қарыздардың пайда болуына және қызметкерлердің міндетті әлеуметтік аударымдарының төленбеуіне жол бермеу;

кәсіподақ ұйымдарының бастамасын қолдауға және жұмысқа орналасуға, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, денсаулық сақтауға және жұмыс істейтін әйелдерді кәсіби даярлауға қатысты арнайы бөлімдер мен нормаларды ұжымдық келісімдерге енгізу; көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүгедек балалары бар аналарға қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер беру;

Қазақстан Республикасының кәсіподақтарына:

еңбек ететін әйелдерге, отбасылық міндеттері бар адамдарға келіссөздер жүргізу мен ұжымдық келісімдер арқылы қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер белгілеуге ұмтылу;

Жалпы, салалық және өңірлік әлеуметтік серіктестік келісімдерінде гендерлік тәсілдерді енгізу.

*    *    *

 

Біз Қазақстанның еңбек әйелдерін кәсіподақтар қатарына, үкіметтік емес ұйымдарға қосылуға шақырамыз. Оларды белсенді рөл атқаруға, мемлекеттік органдармен және саяси партиялармен тығыз байланыста жұмыс істеуге, әйелдердің, ана мен баланың жағдайын жақсартудың өзекті мәселелерін шешуге шақырамыз.