Бүгін Қарағандыда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырысы өтті.
Үшжақты комиссия жұмысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, ірі кәсіподақ бірлестіктерінің басшылары, «Атамекен» ҰКП өкілдері, ірі компаниялардың басшылары қатысты.
Отырысқа қатысушылар өңірлердегі еңбек қатынастарының әл-ақуалы мәселелерін қарастырды, еңбек қауіптері картасы мен еңбекақы бойынша қарыз жағдайын талдады, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде мәліметтермен танысты.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым өз сөзінде Қазақстандағы әлеуметтік әріптестікке қатысты өзекті мәселелер туралы айтты.
Б.Әбдірайым пікірі бойынша, елімізде қарыз еңбекті заңнамалық тұрғыда реттеу болмаған жағдайда жұмыспен қамтудың осы түрі жұмысшылардың еңбек құқықтарының дөрекі бұзылуына алып келеді.
«Қазіргі таңда жұмысшылар тарапынан қарыз еңбек қабылдаушы тараптың штаттағы қызметкерлеріне қарағанда аз төленеді. Оларға өнеркәсіпте төтенше жағдай болғанда ұжымдық шарт талаптары жүрмейді, осындай жұмысшылар қорғаусыз болады және денсаулығы мен өміріне келген зиян үшін өтемақы алу құқығына ие болмайды. Біз Парламент Мәжілісі депутаттарының тобына қарыз еңбекті реттеу мәселелері бойынша ҚР Заңынының жобасын әзірлеу бастамасы үшін алғыс айтамыз. Кәсіподақтар федерациясының өкілдері осы жұмысқа белсенді араласуда» – деп атап өтті ҚРКФ Төрағасы.
Бүгінгі таңда ҚР Кәсіподақтар федерациясы өндірістік жарақаттанушылықты және зиянды еңбек жағдайына ие жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол картасын қабылдауды тездетуді сұрайды.
«Өкінішке орай, жұмыс берушілер үшін әкімшілік төлем шаралары жарақаттанушылық деңгейінің азаюының оң динамикасын көрсетпейді. Мәселен, бүгін біз отырыс өткізіп жатқан Қарағанды облысы өндірістік жарақаттанушылық бойынша көшбасшы болып табылады. Өткен жылы төтенше жағдайдан 224 зардап шегуші, ал ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша 52 адам зардап шеккен», – деп айтып өтті Б.Әбдірайым.
ҚРКФ Төрағасы ұжымдық шарттарды бекіту мәселесіне айта келе, бүгінде республикада кәсіпорындар мен ұйымдардың 42,6%-ы ұжымдық шартпен қамтылғанын атап өтті. Бұл ретте ұжымдық шарттар кәсіподақ ұйымдары бар кәсіпорындардың 98 пайызында бекітілген.
ҚРКФ Төрағасы әлеуметтік әріптестік жөніндегі аймақтық (облыстық) үшжақты комиссияларда ұжымдық шарттарды бекіту мәселесін тұрақты қарастыруды тәжірибеге айналдыру керектігін және Еңбек кодексінде меншік түріне тәуелсіз барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда ұжымдық шарттарды бекіту механизмін заңнамалық тұрғыда бекітуді ұсынды.
Соңғы жылдары елімізде орын алған барлық ереуілдерді сот жұмысшылар талап қою үрдістерін сақтамауы себепті заңсыз деп таныған. Өз кезегінде, осы үрдістерге қойылатын талаптар күрделі болғандықтан орындалуы тіпті мүмкін емес. Нәтижесінде, ұжымдық келіссөздер өткізу мүмкін болмағандықтан, үрдістердің қиындығынан аяқасты ереуілдерге алып келді.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы Еңбек кодексіне келісу үрдістерін (келісім комиссиялары, еңбек арбитражы) өткізу және жұмысшылар үшін талап қою үрдістерін жеңілдету бөліміне қатысты өзгерістер мен қосымшалар енгізу қажет деп санайды.
ҚРКФ ҚР Үкіметі 2019 жылы Халықаралық еңбек кодексінің «Әлеуметтік қамтамасыз етудің минимал нормалары туралы», «Дамушы елдерді ерекше ескеру арқылы ең төменгі жалақыны белгілеу туралы», «Ұжымдық келіссөздердің жәрдемдесуі туралы», «Толық емес жұмыс уақыты шарттарында жұмыс істеу туралы», «Ауыл шаруашылығында еңбек қауіпсіздігі және еңбек гигиенасы туралы» атты бес конвенциясына қосылу үшін қажетті шаралар қолдану қажет деп есептейді.
Қорытындысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым Үкімет тарапынан мүгедек-регрессниктердің, яғни өндірісте жарақат алған жұмысшылардың мәселесіне жіті назар аударуды сұрады.
ҚРКФ осы адамдар үшін уақытылы шешім қабылдап, әділдік орнату мақсатында бұл мәселені жан-жақты қарастыруды ұсынды.