Кәсіподақтар ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруды ұсынады

Құрметті достар!

ҚР Кәсіподақтар федерациясы сан жылдық тарихында тұңғыш рет еліміздегі ең жоғары лауазымға өз үміткерін ұсынып отыр.

Әр қазақстандық еліміздегі заманауи кәсіподақ қозғалысының басты құндылықтарын жақыннан танып-білуі тиіс деп есептейміз. Бүгінгі кәсіподақтар – бұл еңбек құқықтары мен қауіпсіз жұмыс орны үшін айқын күрес, әділетті еңбек жағдайын қамтамасыз ету, ұжымдық шарттарды бекіту жолындағы сенімді тірек.

Осындай факторларды ескере отырып, ҚР Кәсіподақтар федерациясы өз қызметінің негізгі бағыттарын көрсететін бейнероликтер топтамасын әзірледі. Федерацияның орталық аппаратындағы және өңірлердегі сарапшылары, яғни республикамыздағы кәсіподақ жүйесін жаңғыртуға жауапты адамдар жұмыла жасап жатқан нәтижелерін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Олардың ой-пікірлері мен түсініктемелері сіздерге барлық жағынан тиімді болады деген сенімдеміз.

Бұл бейнероликте ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетов кәсіподақтардың ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесін көтеріп жатқандығы туралы айтты.

 

Роликтер ҚР Президенттігіне кандидат А.С.Таспиховтың сайлау қорынан төленді.