Бүгін Ақтауда Кәсіподақ көшбасшылығы мектебінің ашылуы өтті. Мектептің ашылуына ҚР Кәсіподақтар федерациясы және «Самрұқ-Қазына» АҚ Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы арасындағы 2018 жылғы 12 ақпанда бекітілген меморандум негіз болды.
Ашылу салтанатына ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров және Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының Бас директоры Ербол Исмаилов қатысты.
Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі бейімделген білім беру орталығы ретінде жұмыс істейді және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, қаржылық және құқықтық сауаттылық саласында заманауи трендтерге сай кәсіподақ ұйымдары мамандары үшін оқыту модульдерін әзірлеу және жүзеге асырудан тұрады. Кәсіподақ көшбасшылығы мектебінің қызметі кәсіподақ қызметкерлерінің әл-ауқатын күшейтуге, олардың кәсіпорындардағы беделін арттыруға бағытталған.
Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен, аумақтық және салалық кәсіподақ бірлестіктерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастығы аясында құрылды.
Оқыту бірнеше модульден тұрады. Атап айтқанда, кәсіподақтық менеджмент, қаржы және құқықтық сауаттылық, медиация мен қызметкерлерді басқарудың заманауи тәсілдері, ішкі және сыртқы коммуникациялардың әдістері. Оқытудың бірінші кезеңінен кәсіподақтың 50 мүшесі өтеді.