«Қазхром «ТҰК» Ақ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кәсіподақ ұйымының ардагері Бақыткерей Каванов Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ ардагері» медалімен марапатталды.
Бақыткерей Каванов 50 жылға жуық ғұмырын металлургия саласына арнаған жан болса, оның 15 жылын кәсіподақ ұйымының төрағасы болып қызмет атқарған, бүгінгі таңда құрметті демалыста.Металлургия саласының қыр-сырын жас буын өкілдеріне үйретіп, іс-тәжірибесімен бөлісіп және кәсіподақтар қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін Бақыткерей Кавановты кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ ардагері» медалімен марапаттады.
“Жарты ғасырға жуық еңбек жолын металлургия саласына арнаған Бақыткерей Кавановтың еңбек жолы жас металлургтерге үлгі-өнеге. Өндірістің әр саласында түрлі қызметтер атқарып көптеген білікті мамандардың тәлімгер – ұстазы бола білген,құрметті металлургты қандай марапатқа ұсынсақта артық болмайды. Зауыттықтар оны компаниямыздың кемелді болашағы үшін және кәсіподақ ұйымын ұзақ жылдар басқарып табанды еңбек етіп көптеген мәселелерді оңтайлы шешім табуына атсалысқан білікті маман ретінде жақсы білеміз.Ақсақалды бүгінгі марапатымен шын жүректен құттықтаймын. Зейнеткерлікке шықсада өзінің көп жылғы іс-тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға ақыл-кеңестерін беріп, үнемі ізденісте жүретін осындай қарттарымыз аман болсын”, – дейді Ақтөбе ферроқорытпа зауыты кәсіподақ ұйымының төраға орынбасары Сапарғали Мұқашев.
«Адал еңбек атаусыз қалмайды» деген осы шығар. Кәсіподақ ұйымының ұзақ жылдар басқарыпзауыттықтар құрметіне бөленген Бақыткерей Кавановтың өнегелі ғұмыры кейінгі ұрпаққа үлгі бола отырып, есімі зауыт тарихында алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.