Өңірлік келісімге толықтырулар ұсынылды

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесі отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы мүшелік ұйымдарымен әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Кеңес мүшелері аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Қызылорда облысының әкімдігі және жұмыс берушілердің бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған облыстық келісімге әлеуметтік-еңбек жағдайын жақсарту мақсатында ұсынылған бірқатар ұсыныстар мен оған толықтырулар енгізу мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.

Кеңес отырысы барысында әлеуметтік шиеленістерді шешу  және алдын алу кезеңінде жұмыс жасайтын кәсіподақтардың Еңбек елшісі, келіссөз жүргізулер пулы құрамы қайта жасақталу мәселесі де қаралды.