Шолпан Ата қаласында Қырғызстанның Кәсіподақтар федерациясы мен Халықаралық еңбек ұйымының ұйымдастыруымен «Орталық Азияның кәсіподақтар қозғалысына белсенді қатысуға және жұмыс орындарында жастар өкілеттігіне жәрдемдесу мақсатында кампания енгізу және байланыс әдістерін жақсарту» семинары өтуде.
Семинарға Орталық Азия елдерінің кәсіподақтарының жастар ұйымдарының 30-дан астам өкілдері қатысуда.
Семинардың басты мақсаты кәсіподақтардың жастар ұйымдарының өкілдеріне жас еңбеккерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған PR-кампанияларды өткізуге және ұйымның негізгі әдістеріне оқыту болып табылады.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының атынан ақпараттық семинарға ҚРКФ баспасөз хатшысы, «Қазақстан кәсіподағы» газетінің бас редакторы Морис Абдуллин, «СарыарқаАвтопром» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Дмитрий Парфенов және «Бірлік» кәсіподағынан Еркебұлан Беріков қатысуда.