ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Федерация жаңалықтары 15.11.2026

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен қадірлі еңбек ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!        

Ел экономикасының ең  маңызды саласының бірі ретінде халқымыздың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсаруына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде  ауыл шаруашылығының алар орны айрықша.

 

Ауыл шаруашылығы — бұл ел экономикасының алтын діңгегі және халықтың берекесі мен тоқшылығының негізі. 

Далада тер төккен диқанның, шопанның және өңдеу саласындағы әрбір маманның еңбегі нағыз ерлікпен тең.

 

Сіздердің қажырлы қайраттарыңыз бен алтын қолдарыңыздың арқасында дастарқанымыз дәмге толып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Сіздерге  зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке мен бірлік және еліміздің игілігі жолында жаңа табыстарға жете берулеріңізді тiлеймiн!

 

Ізгі тілекпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының

төрағасы                                                                                 С.Дәулеталин