«Білім беру марафоны»: БҚО кәсіподақ белсенділері еңбек заңнамасындағы өзгерістерді талқылады

Федерация жаңалықтары 19.11.2026

«Білім беру марафоны»: БҚО кәсіподақ белсенділері еңбек заңнамасындағы өзгерістерді талқылады

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған « Білім беру марафоны » оқыту жобасы өз жұмысын жалғастыруда.

Бүгінгі онлайн оқытуға Батыс Қазақстан облысының 100 кәсіподақ белсендісі қатысты.

 

Кезекті дәрістің тақырыбы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға арналды. Дәрісті ҚР Кәсіподақтар федерациясының дәріскері Майра Боранбаева жүргізді.

Дәріс барысында 2026 жылғы 7 сәуірдегі және 3 маусымдағы заңдармен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді.

Спикер еңбек қатынастарын реттеуге қатысты заңнамалық жаңашылдықтарға, олардың іс жүзінде қолданылу тәртібіне, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттеріне тоқталды. Сонымен қатар, енгізілген өзгерістердің кәсіподақ ұйымдарының күнделікті қызметіндегі маңызы түсіндіріліп, құқық қолдану тәжірибесіне қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

 

Оқыту барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еңбек заңнамасын тәжірибеде қолдануға қатысты пікір алмасты.

«Білім беру марафоны» – кәсіподақ белсенділерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, құқықтық білімін жетілдіруге және еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелер бойынша ортақ тәжірибе қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды білім беру алаңы.