Кәсіподақ белсенділері келісу комиссияларының жұмысы бойынша оқудан өтті

Федерация жаңалықтары 09.06.2026

Кәсіподақ белсенділері келісу комиссияларының жұмысы бойынша оқудан өтті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының оқу жобалары аясында «ӨзенИнвест» МКК кәсіподақ белсенділері мен келісу комиссиясының мүшелеріне арналған кезекті оқу семинары өтті. Семинарды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының оқу орталығы директоры Лаззат Есжанова ашып, қатысушыларға еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді талқылаудың және кәсіподақ активінің құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. 

 

Оқу семинарын ҚРКФ дәріскері Майра Боранбаева жүргізді. Семинар барысында келісу комиссияларының қызметін ұйымдастыру, жеке еңбек дауларын қарау тәртібі, еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен оларды тәжірибеде қолдану мәселелері жан-жақты қарастырылды. 

 

Қатысушылар еңбек дауларын шешудің тиімді тетіктері бойынша білімдерін жетілдіріп, тәжірибелік сұрақтарға жауап алды. 

Осы оқыту іс-шаралары еңбек қатынастары мәдениетін нығайтуға, жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға және әлеуметтік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.