Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Оқу орталығы Астана қаласындағы «Қызмет» мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының және Байланыс және коммуникация қызметкерлері салалық кәсіподағының кәсіподақ мүшелері – келісу комиссияларының мүшелеріне арналған онлайн-семинар өткізді.

Іс-шараның спикері ретінде ҚРКФ Оқу орталығының директоры Ләззат Есжанова сөз сөйлеп, келісу комиссиялары қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесіне тоқталды.
Семинар барысында қатысушылар жеке еңбек дауларын қарау тәртібін, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудағы келісу комиссияларының рөлін, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы даулы жағдайларды сотқа дейінгі кезеңде реттеудің практикалық тетіктерін талқылады.

Сонымен қатар еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен олардың келісу комиссияларының жұмысына ықпалы жан-жақты қарастырылды.
Оқу ашық диалог форматында өтіп, тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тәжірибе алмасуға және еңбек дауларын қарау кезінде туындайтын күрделі мәселелер бойынша кәсіби түсіндірмелер алуға мүмкіндік алды.

Кәсіподақтық оқыту жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттырудың және еңбек құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін жетілдірудің маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Семинар барысында алынған білім қатысушыларға еңбек заңнамасының нормаларын тәжірибеде тиімді қолдануға және еңбек ұжымдарындағы тұрақты әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайтуға ықпал етеді.