Республикалық «Қалын қалай бастауыш ұйым?» жобасы аясында Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова және «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының» Павлодар облыстық филиалының төрағасы Салтанат Төлегенова №3 емхананың бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.

ч
Кездесу барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметі, іске асырылып жатқан кәсіподақ жобалары және қызметкерлерді толғандыратын өзекті мәселелер бойынша ашық әрі сындарлы диалог өтті.

Талқылау Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы аясында өтті, оның негізгі назарында – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін күшейту, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау тиімділігін арттыру.

2026 жылы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістерге, әлеуметтік әріптестік мәселелеріне, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ жергілікті деңгейде еңбек заңнамасы нормаларын қолдану тәжірибесіне ерекше көңіл бөлінді.

Қатысушылар бастауыш ұйымның жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, келісу комиссиялары мүшелерін оқыту, қызметкерлерді ұжымдық қоғамдық, спорттық және корпоративтік өмірге тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, еңбек қауіпсіздігі және жұмыс орындарында қауіпсіз жағдай жасау мәселелерін талқылады.
Мұндай кездесулер кәсіподақ мүшелерінің пікірін тыңдап қана қоймай, шешуді қажет ететін проблемалық мәселелерді айқындауға, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысын одан әрі дамытуға арналған бірлескен тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Бастауыш ұйымдармен тікелей диалог кәсіподақтардың бірлігін нығайтуға, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.