Сырым Өмірзақов: "Техникалық инспектор мәртебесі - еңбек қауіпсіздігінің кепілі"

Салалық және өңірлік жаңалықтар 12.06.2026

Сырым Өмірзақов: "Техникалық инспектор мәртебесі - еңбек қауіпсіздігінің кепілі"

2026 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды күшейтуге, еңбек қауіпсіздігін арттыруға және әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң жобасы Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының белсенді қатысуымен әзірленіп, қабылданды. 

Бұл – еңбек қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды шешім.
Мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жетекші инженер,  «Келешек» жастар кеңесінің мүшесі ретінде осы бастаманы толық қолдаймын. Заңға сәйкес техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратуға, өндірістік бөлімшелерге кедергісіз кіруге, жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуға және еңбек жағдайларын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
Жаңа нормалар техникалық инспекторлардың қоғамдық бақылау жүргізудегі рөлін күшейтеді, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы өзара жауапкершілікті арттырады. Сонымен қатар, өндірістік кеңестің шешімімен бекітілетін техникалық инспекторлардың қызметі еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Техникалық инспекторлардың беделі мен құқығы қорғалған сайын, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік те арта түседі.
Қауіпсіз еңбек – бәріміздің ортақ құндылығымыз!

 

Сырым Өмірзақов, Өскемен ЖЭО Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі, жетекші инженер