Республикалық «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Абай облысы табиғи ресурстар басқармасына қарасты «Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету жасағы» КММ ұжымымен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға Абай облысы Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Дастан Мухаев және орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі қызметкерлері салалық кәсіподағы филиалының төрайымы Гүлсара Баймағамбетова қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы — 2024–2026 жылдарға арналған Салалық келісім нормаларын іске асыру, атап айтқанда 2,0 мөлшеріндегі салалық көтермелеу коэффициентін қолдану мәселесі болды.

Кездесу барысында келесі мәселелер түсіндірілді: — Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 154-бабына сәйкес, Салалық келісім еңбекақы төлеу саласындағы ең төменгі кепілдіктерді белгілейді және сала қызметкерлеріне түгел таралады; — қарастырылып отырған мекеме орман және табиғат қорғау жүйесіне жататындықтан, келісім нормаларын қолдануға толық құқықтық негіз бар.

Талқылау қорытындысы бойынша Салалық келісімнің аталған мекемеге қолданылуын нақтылау және қызметкерлерге тиесілі төлемдерді қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарға ресми сұрау жолданды.
Абай облысының Кәсіподақ орталығы еңбеккерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.