"Қалың қалай, бастауыш ұйым?": мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлерімен кездесу өтті

Салалық және өңірлік жаңалықтар 23.06.2026

"Қалың қалай, бастауыш ұйым?": мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлерімен кездесу өтті

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне барып, мекеме басшысы Жеңіс Мақұлбаевтың және кәсіподақ комитетінің төрайымы Ұлбике Рүстемованың қатысуымен кәсіподақ мүшелерімен жұмыс орындарында кездесіп, олардың жағдайымен танысты.

Жиын барысында департамент басшысы Жеңіс Тіллабайұлы және салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Серік Елемесұлы қатысушыларды «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, мекеме қызметкерлері мен белсенді кәсіподақ мүшелеріне лайықты наградаларды салтанатты түрде табыс етті.

Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» Ұлбике Рүстемова, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен Әлжан Мамадалиев, «Құрмет грамотасымен» Арайлым Шералы, Айгерім Өтебаева, Найля Оразғалиева және «Алғыс хатпен» Ақтөре Айтуғанов пен Кемеңгер Алимов марапатталды.

Жиын соңында ұжым басшысы Жеңіс Мақұлбаев «Қызмет» салалық кәсіподағының ұжымына шынайы ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.