Анкара қаласында «Түрк Метал» (МЕФМ) кәсіподағы ұйымдастырған III Халықаралық Жас Жұмысшылар съезі өтті. Іс-шараға әлемнің түрлі елдерінен келген мыңнан астам жас жұмысшылар, кәсіподақ белсенділері және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан атынан форумға «ПетроКазахстан Ойл Продактс» (ПКОП) ЖШС-нің жас жұмысшылары Салтанат Ахмет пен Кирилл Егунов - Химия, мұнайхимия және өндірістің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының мүшелері, сондай-ақ Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері Табиғат Құлжанов пен Василиса Александрова — Қазақстандық тау-кен металлургия салалық кәсіподағының мүшелері қатысты. Олар съезд жұмысына делегат ретінде қатысты.
Форумның негізгі мақсаты - жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, кәсіподақ қозғалысын дамыту, тәжірибе алмасу және қазіргі еңбек нарығындағы өзекті мәселелерді талқылау болды.

Ашылу рәсіміне «Түрк Метал» кәсіподағының төрағасы Уйсал Алтундаг, Түркия кәсіподақтар конфедерациясы TÜRK-İŞ президенті Эргюн Аталай, Түркия Республикасының Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Ведат Ишыкхан және басқа да қонақтар қатысты. Өз сөздерінде олар жастардың кәсіподақ қызметіне белсенді қатысуының маңыздылығын, жас жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау қажеттілігін және жұмысшы қозғалысының жаңа буын көшбасшыларын даярлаудың мәнін атап өтті.
Бағдарлама аясында еңбеккерлердің әлеуметтік қорғалуына, жастардың кәсіби дамуына және еңбек саласындағы заманауи сын-қатерлерге арналған білім беру және пікірталас сессиялары өтті. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын Элиф Гёкчеарслан профессорының жастар арасындағы цифрлық тәуелділік пен заманауи технологиялардың ықпалына арналған дәрісі тудырды.
Форумда ПКОП атынан Салтанат Ахмет баяндама жасады. Ол кәсіпорындағы жастармен жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, жастар қозғалысының қызметі туралы айтып, халықаралық ынтымақтастықтың, тәжірибе алмасудың және жас жұмысшыларды кәсіподақ қызметіне тартудың маңыздылығын атап өтті.

Мәдени бағдарлама аясында қатысушылар Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің мавзолейі — Аныткабир мемориалдық кешеніне барды. Қатысушылар елдің тарихымен және ұлттық дәстүрлерімен танысты.

III Халықаралық жас жұмысшылар съезі халықаралық байланыстарды нығайтуға, үздік кәсіподақ тәжірибелерімен алмасуға және жастар ынтымақтастығын дамытуға тиімді алаң болды.
Қазақстан делегациясының қатысуы халықаралық байланыстарды кеңейтуге ықпал етіп, Қазақстанның салалық кәсіподақтарының жастар қозғалысын дамытудағы және халықаралық кәсіподақтық ынтымақтастықты нығайтудағы белсенді рөлін растады.