Еңбек адамы - Шеріхан Қожамқұлов

Салалық және өңірлік жаңалықтар 20.07.2026

Еңбек адамы - Шеріхан Қожамқұлов

Кез келген қоғамның дамуы мен өркендеуі – өз ісіне адал, мамандығына сүйіспеншілікпен қарайтын еңбек адамдарының қолында. Әсіресе, мегаполистің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін су шаруашылығы сияқты стратегиялық салада аянбай тер төгіп жүрген мамандардың еңбегі ерекше. Солардың бірі – өмірлік күш-герімі мен білімін қаланың коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға арнап келе жатқан білікті маман Шеріхан Қожамқұлов.

 

Шеріхан Құрманғазыұлы 1989 жылы 26 маусымда Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының Қошқар ата ауылында дүниеге келген. Бала жасынан білімге құштар азамат Шымкент қаласындағы №13 жалпы орта мектепті бітірген соң, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша жоғары білім алады.

 

Оның еңбек жолы – шынайы табандылық пен мақсатшылдықтың көрінісі. Еңбек айдынына 2010 жылы «Су ресурстары-Маркетинг» кәсіпорнында қатардағы слесарь болып қадам басқан ол, жұмысшыдан басшылық лауазымдарға дейінгі даму мектебінен өтті.

 

2020 жылы біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында Шымкент қаласы әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-на шебер болып орналасты. Ал 2021 жылы Орталық диспетчерлік қызмет бөлімін басқарып, маңызды міндеттерді абыроймен атқарды. 2022 жылдан бастап учаске шебері лауазымында қаланың су және кәріз жүйелерінің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп келеді.

 

Шеріхан Құрманғазыұлы – қызметте беделді маман ғана емес, үлгілі отағасы. 2021 жылы отбасын құрып, бүгінде екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған сүйікті әке. «Отбасым – басты тірегім, ал адал еңбек – өмірлік ұстанымым», – дейді кейіпкеріміз.

 

Өз ісінің майталманы Шеріхан Қожамқұлов сияқты жауапты мамандар турғанда, шаһардың коммуналдық шаруашылығы сенімді қолда. Оның өмір жолы – адал еңбекке адалдықтың, кәсіби өсу мен үздіксіз ізденістің айқын үлгісі.