Қызылорда облысында жалпыкәсіподақтық науқанның өңірлік іске асырылуы талқыланды

Салалық және өңірлік жаңалықтар 21.07.2026

Қызылорда облысында жалпыкәсіподақтық науқанның өңірлік іске асырылуы талқыланды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен қолға алынған «Қуатты кәсіподақ – еңбек адамының қуатты үні» атты жалпыкәсіподақтық науқан аясында Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығында Қызылорда облысы кәсіподақтарының Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен кеңейтілген жұмыс отырысы өтті.

 

Жиынды Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев жүргізді.

 

Кездесудің негізгі мақсаты – жалпыкәсіподақтық науқан аясындағы жобаларды өңірде тиімді іске асыру тетіктерін талқылау, салалық кәсіподақтардың өзара іс-қимылын күшейту және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жаңа деңгейге көтеру болды.

Отырысты аша отырып, Мақсұт Нәлібаев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қолға алған жалпыкәсіподақтық науқанның маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол бүгінгі таңда кәсіподақтардың алдында еңбек адамдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жаңа деңгейге көтеру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының әлеуетін нығайту, әлеуметтік әріптестікті дамыту және кәсіподақ қызметін заман талабына сай жетілдіру міндеті тұрғанын атап өтті.

 

Жиын барысында Федерация бекіткен «Кәсіподақ көмектеседі», «Кәсіподақ жаныңда», «Еңбек адамы», «Жастар және еңбек болашағы» және «Қуатты бастауыш ұйым» жобаларын өңірде жүзеге асырудың нақты бағыттары талқыланды.

 

Қатысушылар еңбек адамдарының құқықтарын қорғауды күшейту, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, тегін құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру, жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру, жастармен жұмысты жандандыру және кәсіподақ мүшелерімен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасты.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Цифрлық болашаққа бірге» цифрлық трансформация тұжырымдамасын өңірде іске асыру барысы қаралып, кәсіподақ қызметіне цифрлық сервистерді енгізу, азаматтардың өтініштерін жедел қарау және ақпараттық жұмыстың тиімділігін арттыру бағытындағы міндеттер айқындалды.

 

Отырыс қорытындысында Үйлестіру кеңесінің мүшелері жалпыкәсіподақтық науқан аясындағы барлық жобаларды өңірде сапалы жүзеге асыруға, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын нығайтуға, кәсіподақ қозғалысының беделін арттыруға және еңбек адамдарының мүддесін қорғауға бағытталған бірлескен жұмысты атқаратындықтарын білдірді.