Үлгі тұтар тұлға -медицина қызметкері Алима Нұрымбаева

Салалық және өңірлік жаңалықтар 23.07.2026

Үлгі тұтар тұлға -медицина қызметкері Алима Нұрымбаева

Зертханалық талдаудың әрбір нақты нәтижесінің артында мамандардың тынымсы наз еңбегі, ұқыптылығы мен жоғары жауапкершілігі жатыр. Зертхана – сапалы медициналық көмектің негізі, ал оның тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі білікті мамандарға тікелей байланысты.

 

Нұрымбаева Алима Сапарғалиқызы – зертхана меңгерушісі, зертханалық қызмет саласында 20 жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Ол кәсіби ғұмырын зертхана ісін дамытуға, диагностика сапасын арттыруға және ұжымның бірлігін нығайтуға арнап келеді.

 

Жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, терең білімі, жауапкершілігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Алима Сапарғалиқызы әріптестері арасында зор құрметке ие болды. Оның басшылығымен зертхана жоғары сапа талаптарына сай жұмыс істеп, пациенттерге уақтылы әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуге өз үлесін қосып келеді.

 

Өз ісіне адалдығы, еңбекқорлығы, кәсібилігі және үнемі ізденіске ұмтылысы Алима Сапарғалиқызын жас мамандар үшін үлгі тұтар тұлғаға айналдырды. Оның өмір жолы мен еңбегі – адал қызметтің, кәсіби шеберліктің және жауапкершіліктің жарқын үлгісі.