Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқығы заң жүзінде қорғалуда

Салалық және өңірлік жаңалықтар 24.07.2026

Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқығы заң жүзінде қорғалуда

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы жанынан ашылған Заң клиникасында тұрғындарды кезекті қабылдау өтті.

Жиында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ермек Қаңлыбаев «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіподағына қарасты «T-BUS» ЖШС қызметкеріне заң аясында кеңес беріп, оның сауалдарына жауап қайтарды.

 

Қабылдауға келген азамат еңбек қатынастары, демалыс берілу тәртібі, әлеуметтік кепілдіктер мен қолданыстағы заңда қарастырылған жеңілдіктер төңірегінде сұрақтарын ортаға салды. Көтерілген барлық мәселе бойынша ел заңнамасына сәйкес жан-жақты жауап беріліп, еңбек құқықтарын қорғау мен оны іске асырудың нақты тетіктері түсіндірілді.

Бұдан бөлек, еңбек демалысын рәсімдеу мен оны тиімді пайдалану жолдары, жұмыскерлерге арналған әлеуметтік қолдаулар, жұмыс барысында туындайтын даулы мәселелерді шешу тәсілдері және қажетті құжаттарды әзірлеу тәртібі бойынша кеңестер берілді.

Заң клиникасының негізгі межесі – кәсіподақ мүшелеріне білікті әрі қолжетімді құқықтық көмек көрсету, олардың заңдық сауаттылығын арттыру және еңбек құқықтарының сенімді қорғалуын қамтамасыз ету.

 

Айта кетейік, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы жанындағы Заң клиникасы кәсіподақ мүшелеріне еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру, салық, азаматтық және өзге де салалар бойынша тұрақты түрде тегін құқықтық көмек көрсетеді.