«Қызмет» кәсіподағы бастауыш ұйымның жұмысымен танысты

Салалық және өңірлік жаңалықтар 05.08.2026

«Қызмет» кәсіподағы бастауыш ұйымның жұмысымен танысты

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлеймен Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.


Кездесу «Кәсіподақ жаныңда — Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында ұйымдастырылып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысымен танысуға, кәсіподақ мүшелерімен ашық пікір алмасуға және олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға бағытталды.
Кездесу барысында кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін сақтау, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету және жұмыс берушімен әлеуметтік әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды.
Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы – 221 кәсіподақ мүшесін біріктіріп отырған белсенді ұйымдардың бірі. Кәсіподақ комитеті жұмыс берушімен бірлесе отырып, ұжымдағы тұрақты еңбек ахуалын қалыптастыруға, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және әлеуметтік қолдауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде атқарып келеді.


Кәсіподақ мүшелері қоғамдық және спорттық өмірге де белсенді араласады. Ұйым жанынан құрылған волейбол командасы түрлі жарыстарға қатысып, жыл сайын жүлделі орындарға ие болып келеді. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелері еріктілік бағытындағы іс-шараларға қатысып, қоғамға пайдалы бастамаларға үлес қосуда.
Кездесу барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Сүлеймен кәсіподақ қозғалысының маңыздылығына тоқталып, кәсіподақтардың басты мақсаты – қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, әлеуметтік кепілдіктерін сақтау екенін атап өтті.
Кәсіподақ жұмысына белсенді қатысып, ұйымның дамуына үлес қосқан бірқатар белсенділер «Қызмет» облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Осындай кездесулер бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен байланысты нығайтып, кәсіподақ мүшелерінің мәселелерін тыңдауға және еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.