Кәсіподақ аудандық аурухананың қызметкеріне көмек көрсетті

Салалық және өңірлік жаңалықтар 05.08.2026

Кәсіподақ аудандық аурухананың қызметкеріне көмек көрсетті

Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің «SENIM» салалық кәсіподағының Абай облыстық филиалына аудандық аурухананың қызметкері ауыр онкологиялық ауруға шалдығуына байланысты материалдық көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді.


Этикалық қағидаттарды сақтау және жеке өмірге қол сұқпау құқығын қорғау мақсатында кәсіподақ мүшесінің жеке деректері жарияланбайды. Дегенмен, бұл жағдайды кәсіподақтың өз мүшелеріне ең қиын кезеңдерде әрдайым қолдау көрсететінінің жарқын үлгісі ретінде бөлісуді маңызды деп санаймыз.


Қазіргі уақытта қызметкер арнайы ем қабылдау курсынан өтуде. Қымбат тұратын дәрілік препараттарды сатып алу және қажетті ем шараларын жалғастыру үшін қомақты қаржы қажет болды.


Өтінішті қарағаннан кейін Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің «SENIM» салалық кәсіподағының Абай облыстық филиалының төрағасы Марат Бекбаев материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Оның жетекшілігімен өмірлік қиын жағдайға тап болған кәсіподақ мүшесін әлеуметтік қорғау аясында қажетті материалдық қолдау көрсетілді.


Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің «SENIM» салалық кәсіподағының Абай облыстық филиалы өз мүшелерін қиындықпен бетпе-бет қалдырмайды және мүмкіндігінше ерекше қолдауды қажет ететін жандарға материалдық көмек көрсетіп келеді. Мұндай қолдау – ынтымақтың, өзара жәрдемнің және әрбір кәсіподақ мүшесіне деген қамқорлықтың айқын көрінісі.