Еңбегі ел тарапынан бағаланған құрылысшы

Салалық және өңірлік жаңалықтар 10.08.2026

Еңбегі ел тарапынан бағаланған құрылысшы

Талғат Асқаров – «ҚазақЖобаҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас конструкторы, құрылыс саласында 18 жылдық кәсіби тәжірибесі бар білікті маман. Ол еңбек жолын осы саламен байланыстырып, жылдар бойы кәсіби білімін шыңдап, құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.


Бас конструктор ретінде Талғат Асқарұлы жобалық және инженерлік шешімдердің сапасына, құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне жауап береді. Оның еңбек жолы – өз ісіне адалдықтың, жоғары жауапкершіліктің және кәсіби шеберліктің айқын көрінісі. Жинақтаған мол тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп, жас мамандардың кәсіби қалыптасуына да үлес қосып келеді.


Маманның көпжылдық еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталған. Бұл марапат – оның құрылыс саласына қосқан үлесі мен кәсіби еңбегіне берілген лайықты баға.


Асқаров Талғат Асқарұлы – еңбекті өмірлік ұстанымына айналдырған, кәсіби білімі мен тәжірибесін ел игілігіне бағыттап жүрген еңбек адамының жарқын үлгісі. Оның 18 жылдық еңбек жолы – мамандыққа адалдық пен табандылықтың нақты көрінісі.