«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Абай мұражайында кездесу өтті

Салалық және өңірлік жаңалықтар 10.08.2026

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Абай мұражайында кездесу өтті

Бүгін қазақтың ұлы ақыны Абайдың туған күніне орай "Жидебай Бөрілі" Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында салтанатты іс- шара өтті. 

Бұл шараға Абай облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Дастан Мұқаев бастаған облысқа қарасты филиал төрағалары және «Қазақстандық  салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалының төрағасы Гүлнар Оразбекова қатысты.

​Іс-шараға қатысушылар «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастап, Абай мұражайына саяхат жасады, онда Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша тың экспонаттар мен ақпараттар беріліп, көрермендер бір- бірімен пікір алмасты және шара соңында Абай әндерін айтумен аяқтады.

 Ақынның туған күніне орай өткізілген іс- шаралар мазмұнымен, өзіндік ерекшелігімен қатысушылар мен көрермендердің көңілінен шықты.


«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында салтанатты шараның соңында "Жидебай Бөрілі" Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының кәсіподақ белсенділерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ұжым қызметкерлерінің ҚР ЕК өзгестерді ұжымдық шартқа енгізу бойынша қойған сұрақтарына құқықтық негізде нақты жауапты облыстық кәсіподақтар орталығының заңгері Сұлтанбек Оралбеков берсе, Абай облыстық филиалының төрағасы Гүлнар Оразбекова ұжымның ахуалымен танысып, ұжымдық шартқа қосымша енгізудің жолдарын анықтап, әдістемелік көмек көрсетті.

 


Түстен кейін облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істерінің басқармасы абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына орай мемлекет қызметкерлеріне Абай өлеңдерін айту және Квест ойыны ұйымдастырылып, шара өз мәресіне жетті.


Абайдың туған күні еліміз үшін маңызды және ерекше күн, өйткені оның ақындық шығармалары мен философиялық трактаттары бүгінде өзектілігін жоғалтпайды, ал оның есімі болашақ ұрпаққа бағдар болатын Қазақстанның әдеби-мәдени мұрасының символына айналды.