«Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай кәсіподақтық науқанының Тұжырымдамасына сәйкес, «Кәсіподақ жаныңда – азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жобасы аясында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалында кәсіподақтағы қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – еңбеккерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша жан-жақты кеңес беру, сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіруге әдістемелік қолдау көрсету.
Қабылдау барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша кәсіподақ мамандарына жүгініп, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Әсіресе еңбек қатынастары, ұжымдық шарт талаптарының орындалуы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, еңбеккерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кәсіподақ мамандары әрбір өтінішті мұқият қарап, қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдарымен тиімді жұмыс жүргізуі, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыруы және әлеуметтік әріптестік тетіктерін тиімді пайдалануы бойынша бағыт-бағдар берілді.

Бүгінде кәсіподақтың басты міндеттерінің бірі – еңбек адамының жанынан табылып, оның құқығы бұзылған жағдайда нақты қолдау көрсету. Осы тұрғыдан алғанда, қоғамдық қабылдау – кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ мамандары арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін тиімді алаң.
«Кәсіподақ жаныңда» жобасы азаматтардың мәселесін тыңдап қана қоймай, оны шешуге нақты ықпал етуді көздейді. Мұндай кездесулер еңбеккерлердің өз құқықтарын білуіне, еңбек заңнамасының талаптарын дұрыс түсінуіне және жұмыс орнында әлеуметтік әділеттіліктің сақталуына мүмкіндік береді.
Қуатты кәсіподақ – еңбек адамының мүддесін қорғайтын сенімді тірек. Ал еңбеккерлердің мәселесін дер кезінде тыңдап, заң аясында шешім қабылдауға ықпал ету – кәсіподақ қызметінің маңызды бағыты.
«Кәсіподақ жаныңда» қағидаты – еңбек адамының жанынан табылып, оның құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғаудың нақты көрінісі. Осындай қоғамдық қабылдаулар арқылы кәсіподақ ұйымы мен еңбек ұжымдары арасындағы өзара сенім нығайып, әлеуметтік әріптестік одан әрі дами түседі.