3–4 қыркүйекте Астана қаласында Түркі мемлекеттерінің кәсіподақтар ұйымының футзалдан алғашқы халықаралық турнирі — TURKIC CUP 2026 өтеді!
Спорт алаңында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кәсіподақ құрамалары күш сынасады.
Бес мемлекет. Бір дода. Бір команда - түркі елдерінің кәсіподақ қозғалысы!
TURKIC CUP 2026 — тек кубок үшін өтетін тартыс қана емес. Бұл — халықаралық деңгейдегі кәсіподақтар ынтымақтастығының, шынайы достық пен ұйымшылдықтың жаңа межесі.
Екі күн бойы командалар айналым жүйесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, оларға салтанатты түрде TURKIC CUP 2026 Кубогы мен бағалы марапаттар табысталады.
Турнирді ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы.
Бүгінде Түркі мемлекеттерінің кәсіподақтар ұйымы 15 миллионнан астам кәсіподақ мүшесінің басын қосып, 48 миллионға жуық еңбек адамының мүддесін қорғайды.
Енді бұл ынтымақтастық спорт алаңында жалғасын таппақ!
Өтетін орны: «Sairan Arena», Астана қаласы, Тұран даңғылы, 58/1
3 қыркүйек, 10:00 — жарыстың салтанатты ашылуы
4 қыркүйек, 16:00 — жабылу салтанаты және марапаттау
Келіңіздер, өз құрамаңызға жанкүйер болыңыздар!
Нағыз тартысты доданы жіберіп алмаңыздар!
БАҚ өкілдерін TURKIC CUP 2026 турнирін ақпараттық қолдауға шақырамыз!