Еңбек адамы - әлеуметтік қызметкер Жаңылсын Амантаева

Салалық және өңірлік жаңалықтар 01.09.2026

Еңбек адамы - әлеуметтік қызметкер Жаңылсын Амантаева

Әлеуметтік жұмыс — бұл жай ғана мамандық емес, мейірімділікті, сабырлылықты, жауапкершілікті және үлкен жүрек жылуын талап ететін адамдарға күнделікті қызмет ету.
Осындай игі жолды таңдаған жандардың бірі — Абай облысы, Семей қаласындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер және белсенді ұзақ өмір сүру №3 орталығы» КММ-нің әлеуметтік қызметкері Амантаева Жаңылсын Балғабайқызы.


Жаңылсын Балғабайқызы еңбек жолында өзін өз ісіне шын берілген, жоғары білікті, жауапты әрі адал маман ретінде танытып келеді. Ол әрбір қызмет алушымен тіл табысып, олардың өтініштері мен қажеттіліктеріне мұқият көңіл бөледі. Әсіресе жалғызбасты қарт адамдарға ерекше қамқорлық пен назар танытады.


Ол үшін қызмет алушылар тек әлеуметтік көмек алушы жандар ғана емес, көңіл бөлуге, жылы сөзге және қолдауға мұқтаж адамдар. Жаңылсын Балғабайқызы әрдайым оларды тыңдап, қолдау көрсетіп, жүрек жылуын сыйлауға дайын. Оның қамқорлығының арқасында қарт адамдар өздерін қажет әрі маңызды сезініп, жалғыздықты жеңіл еңсеруге мүмкіндік алады.


Жаңылсын Балғабайқызы әріптестері арасында зор құрметке ие. Ол ұжымның қоғамдық және кәсіподақ өміріне белсенді қатысады. Еңбектегі жауапкершілігі, жоғары кәсіби біліктілігі мен адалдығы үшін бірнеше рет басшылықтың Алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған.


Амантаева Жаңылсын Балғабайқызы — күнделікті еңбегі қамқорлыққа, мейірімділікке және адамдарға шынайы қызмет етуге толы нағыз «Еңбек адамы»!
Жаңылсын Балғабайқызы секілді жандар өз еңбегімен қоғамды мейірімді, жанашыр әрі адамгершілігі мол ете түседі.