Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті

Салалық және өңірлік жаңалықтар 01.09.2026

Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы - Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  қызметкерлерімен кездесу өтті.

 

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, басқарманың басшысы Ахметов Ұлан Қуандықұлы және мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Шабидинов Мырзахан  кәсіподақ мүшелерімен тілдесті.


Кездесу барысында қызметкерлерді «Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні» кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар белсенді қызметкерлерге филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгілерін табысталып, еңбек адамына лайықты құрмет көрсетілді.


Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төсбелгілерімен басқармасы басшысының орынбасарлары Сейітқұл Нұрмұханбет Сәкенұлы, Төребек Нүркен Асанұлы, бөлім басшысы Алибеков Агахан Нұрсұлтанұлы, бас мамандар Хасанханова Элмирахан Азатханқызы, Илишев Нұрлыбай Нұсқабайұлы, Рыскұлова Сәуле Илиясқызы, Қожабек Айбар Бауыржанұлы, Саттаров Талғатбек Каремкұлұлы, Сайлыбаев Жәнібек Тұрақұлы, Әлімбай Бақыт Жеңісұлы марапатталды.