ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтауы

Федерация жаңалықтары 06.09.2026

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтауы

Қадірлі мұнайшылар мен газ саласының мамандары! Ардақты ардагерлер!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

 

Мұнайшы болу — тек мамандық емес, бұл — мінез. Даланың төсінде, , аптап ыстық пен сары аязда жүрген әрбір адам — нағыз еңбек майталманы.

Қара алтынның әрбір тамшысында сіздердің ұйқысыз түндеріңіз, отбасынан жырақта жүріп атқарған қажырлы істеріңіз бен темірдей төзімдеріңіз жатыр. Елдің қазынасы мен экономикалық қуаты дәл осы сіздердің алтын қолдарыңызбен жасалуда.

 

Кәсіподақтар федерациясы үшін мұнайшының амандығы мен оның еңбек алаңындағы қауіпсіздігі бәрінен маңызды. 

Біз сіздердің адал еңбектеріңіздің лайықты бағалануы, жұмыс орындарыңыздың жайлы болуы және әлеуметтік құқықтарыңыздың мызғымастығы үшін әрдайым барымызды саламыз. 

 

Өмірін өндіріске арнаған ардагерлерімізге басымызды иіп, алғыс айтамыз.

Мерекелі сәтте дендеріңізге темірдей мықты саулық, шаңырақтарыңызға амандық тілеймін! 

 

Сапарларыңыз сәтті, бұрғыларыңыз өнімді, ал көңілдеріңіз әрдайым көтеріңкі болсын.

 

Ізгі тілекпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының

төрағасы                                                                                 С.Дәулеталин