Өз ісін жәй ғана мамандық емес, бүкіл өмірінің мәні деп санайтын жандар болады. Жылумен жабдықтау саласында жылдар бойы еңбек етіп, әріптестері мен серіктестерінің зор құрметіне бөленген осындай мамандардың бірі – Татьяна Леоновна Скадина.
Татьяна Леоновнаның энергетика саласындағы еңбек жолы 2003 жылы басталды. Теңдессіз жауапкершілігі, жоғары біліктілігі мен тіл табысқыштығының арқасында ол өзін алғашқы күннен-ақ сауатты әрі сенімді маман ретінде көрсете білді.
2007 жылдан 2024 жылдың тамызына дейін ол «Қарағанды ЖылуСбыт» ЖШС-де корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер қызметін атқарды. Осы жылдар ішінде тұтынушылармен сындарлы диалог орнатып, күрделі мәселелерді жедел шешу арқылы кәсіпорынның клиенттік сервисін дамытуға елеулі үлес қосты.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап Татьяна Леоновна бұл қызметін «Теплотранзит Караганда» ЖШС-де жалғастырып келеді. Оның бай тәжірибесі, саланы терең түсінуі және жоғары даярлығы компанияның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Татьяна Леоновна – тек білікті маман ғана емес, сонымен бірге аяулы ана, екі немеренің бақытты әжесі. Оның отбасындағы басты мақтанышы – хоккейден чемпион атанған немересі. Немересінің бағындырған биіктері – ұмтылыс пен табандылықтың, сондай-ақ отбасындағы берік қолдау мен тәрбиенің жемісі.
Татьяна Леоновна Скадинаның өмір жолы – өз ісіне деген адалдық пен сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. «Теплотранзит Караганда» ЖШС ұжымы үшін осындай білікті де жауапты мамандар – компанияның ең басты құндылығы.