Еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Осы ретте қоғамдық бақылау - еңбек құқықтарының сақталуын, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларының қамтамасыз етілуін қадағалаудың және әлеуметтік әріптестікті нығайтудың маңызды тетігі.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандарымен бірлесіп қоғамдық бақылау жүргізілді. Шараға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі, Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің маманы Майра Боранбаева қатысты. Бақылау жұмыстары Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мен №1 қалалық емханасында ұйымдастырылды.

Бақылау барысында қызмет алушыларға жасалған жағдаймен қатар, жұмыскерлердің біліктілігін тұрақты арттыруы, кәсіби құзыреттілігі және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы назарға алынды.

Сонымен бірге қажетті құжаттар мен ақпараттың қолжетімділігі, жұмыс кестесі, сенім телефоны, автотұрақ пен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызметтердің жағдайы зерделенді. Тексеру нәтижесінде ешқандай кемшілік анықталған жоқ.

Кәсіподақтың қоғамдық бақылауға қатысуы – еңбек адамының құқығын қорғауға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік әріптестік қағидаттарын нығайтуға бағытталған нақты қадам.