Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек мәселелері талқыланды

Салалық және өңірлік жаңалықтар 16.09.2026

Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек мәселелері талқыланды

Түркістан облысында «Шапағат-педагог» білім және басқа мамандықтар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Жиынды кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнәр Тілеубердиева жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Отырыста ең алдымен салалық келісім мен ұжымдық шарттардың орындалу барысы қаралды. Кәсіподақ төрайымы қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, ұжымдық шарт талаптарының орындалуын бақылау кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Кәсіподақтың басты міндеті – еңбек ұжымындағы тұрақтылықты сақтау, қызметкерлердің заңды құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау. Ұжымдық шарттардың талаптарының орындалуы әрдайым назарымызда болуы тиіс. Әрбір кәсіподақ мүшесі өз құқығы мен мүмкіндігін білуі маңызды», – деді  Гүлнәр Тілеубердиева.

Күн тәртібіне сәйкес кәсіподақ мүшелігіне қабылдау туралы қызметкерлердің жазбаша өтініштері қаралып, тиісті мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар жазғы сауықтыру жұмыстарының қорытындысы шығарылып, атқарылған жұмыстар сараланды. Кәсіподақ мүшелерінің демалысын тиімді ұйымдастыру, сауықтыру шараларын одан әрі жетілдіру бағыттары бойынша ұсыныстар айтылды.

Жиын барысында Ұстаздар күні мерекесіне орай кәсіподақ мүшелерін марапаттау мәселесі де қаралды. Білім беру саласында табысты еңбек етіп жүрген қызметкерлерді ынталандыру, олардың еңбегін бағалау және кәсіби жетістіктерін қолдау қажеттігі атап өтілді.

Отырысты қорытындылаған Гүлнара Тілеубердиева алдағы кезеңде кәсіподақ жұмысының жүйелілігін арттырып, мүшелердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстарды жалғастыру қажеттігін жеткізді.

Жиын соңында күн тәртібіндегі барлық мәселелер талқыланып, алдағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға бағытталған тиісті ұсыныстар қабылданды.